Ашық сабақ тақырыбы: « Әлемнің жарығын сыйладың сен маған...»

5 б сыныбына өткен ашық тәрбие сабақ. Өткізген:  Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Абдырахманова Қаламқас

« Әлемнің жарығын сыйладың сен маған...»

Мақсаты: Ананың бойындағы ізгі қасиеттерді оқушыларға сездіру.Оқушылардың өз анасына, барлық аналарға деген құрмет сезімін ұштап, оларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: гүлдер,шарлар,ұлағатты сөздер.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні.Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған,өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі және бізді ару қыздарымыздың мерекесі. Қазақ әйел затын ерекше қадірлеген. «Өмірдің ащы-тұщысын көріп ысыла білсін, тұяғы тасқа салса жетілер, суға салса жетілер» деген оймен ұлын жел өтінде ұстаса, қызын «Аз күндік қонағым,алтынның сынығы, шұғаның қиығы» деп бөркінің төбесіне үкі қадап үлпілдетіп өсірген. Адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Іс- шарамызды жүргізуді асыл ұлымыз Көшерханов Қанатқа беремін.

Жүргізуші: Армысыздар, асыл аналар,ұлағатты ұстаздар, аяулы арулар! Сіздерді 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймыз! Бүгінгі « Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Бұл мерекенің жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей, өйткені көктем секілді әйел аналар да адамзатқа өмір, жылылық пен әдемілік сыйлайды емес пе? 

Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Жасыл көктем, тыныш жатып жабырқамай

Тілегімен келеді, қарсы алайық.(Көктем кіріп келеді) тілегін айтады, мерекемен құттықтайды. 

Жүргізуші:Ендігі кезекті 5б сынып оқушыларының аналарға арналған тақпақтарына береміз.

Жүргізуші: ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің

Кең құшағың аясындай  гүл бақтың-дей отырып ендігі кезекті Тоқтасинов Мейірбектің орындауындағы әнге береміз.

Жүргізуші :Әйел-АНА.Әйел-өмір.Әйел-тіршілік өзегі.Өмір бесігін тербетіп адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашан да қастерлі, сөзі өсиет тұғыры биік. «Аналар адамды бесіктен бастап баулиды,өмірдің ірге тасы солардың қолымен қаланады» деген ұлағатты сөз бар.Көптеген ақындарымыз аналарды өлеңге қосып жырлаған. Сол сияқты сынып оқушылары да  тақпақтарын айтады.

Жүргізуші:  Жарайсыңдар,балалар! Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар.Ана қарызы алтынға бөлеуді,ақ орда салуды қаламайды.Ана баласының ер жетіп адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту- таралғының керегі жоқ.

Жүргізуші:Сайыс ұйымдастырайық.Ол  үшін оқушылар мен аналарының арасына викториналық  сұрақтар жүргізіледі. Сұрақтар мейрамға қатысты емес,  күнделікті өмірде жиі кездесетіні де бар.

1. Елтаңба дегеніміз не?

2. Кемпірқосақтың түсін рет-ретімен атап бер.

3.Қандай аңның қалтасы бар?

4.Әйелдердің жеңсіз көйлегі қалай аталады?

5.Мектепте сүйіп оқыған  пәніңіз?

6. Көктемнің хабаршысы атанған құстың аты?

7.Сыныпта неше ана отыр?

Жүргізуші: Ана-менің жасыл бағым жайнаған,

Сол бағымда асыр салып ойнағам.

Пәк жүрекпен ән айтады перзентің,

Бар бақытты жалғыз сізге арнаған-дей отырып ендігі кезекті «Қазақ қыздары» деп аталатын әнге береміз.

Жүргізуші: Ана деген- жарық жұлдыз шырағаң

. Ана деген- қайнар ыстық бұлағың.

Ана деген- өмірдегі қамқорың.

 Ана деген-сүйенерің, жан құрбың- дегендей, кезекті ана жайлы тақпақтарға береміз.

Жүргізуші:Біздің сыныпта кілің бір өнерлі балалар жиналыпты. Сол балалар өз өнерлерін ортаға салмақ. Ендігі кезекті 5б сынып оқушыларының дайындаған әзілдеріне береміз.

Жүргізуші: Сымбатына сән киімі жарасатын

Аспандағы айменен таласатын,

Өнеріне сай келіп тұрғанында,

Бишілерге қызығып қарасасың дей отырып кезекті Үнді биіне береміз.

Жүргізуші: Халқымызға билік айтар даналар,

Даналардың өзі аналардан жаралар.

Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін

Сізден жақын адам бар ма, аналар?! Деп кезекті «Асықпа» әніне береміз.

Денсаулықтарыңыз қуатты, күндеріңіз шуақты, өмірлеріңіз мәнді, үйлеріңіз сәнді болып, жанұяда бақытты, уайым-қайғысыз ғұмыр кеше беріңіздер!

Осымен сабағымызды аяқтаймыз.

Сөз кезегін ұстаздарға береміз.

Абдырахманова Қаламқас Қанатбаевна

  





Коучинг тақырыбы: Қалай оқу керектігін үйрету

Мақсаты: Өз бетінше оқу арқылы оқудың қалай жүретінін түсіндіру, ойлануға жүйелі түрде үйрету, танымдық қабілетін дамыту, оқу үдерісіне белсенді қатысу, қалай оқу керектігін үйрену  Түйінді идея: Оқушылар оқу үдерісіне толыққанды қатысу үшін қалай оқу керектігін білулер...

Тұрмыстағы дақтарды кетірудің жолдары

Металдардағы дақтарды кетіру. Біз бұл тарауда тұрмыс және өндіріс салаларында майлардан, сиялардан, сиялардан пайда болған маталардағы және киімдердегі табиғаты әр түрлі дақтарды кетірудің, кейбір жолдарын қарастырамыз. Ол үшін ең алдымен дақтардың құрамын және оның п...

«Брейн – ринг»

Сарсенов Мухтар Турарович, Маңғыстау облысы., Жаңаөзен қаласы №17 орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Тақырыбы: «Брейн – ринг» - интелектуалдық сайыс сабақ Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, жаратылы...

”Адам ұрпағына тұқым қуалаушылықтың тигізер әсері”

Мақсаты:  Болашақ  ұрпағымыздың дені сау болуы үшін күресу, салауатты өмір салтын  ұстану, табиғатты қорғау, аялау, ұрпаққа таза күйінде жеткізу, адамгершілікке, имандылыққа баулу, насихаттау. Жұмыстың міндеті: Маңғыстау облысына қатысты соңғы кездегі қоршаған ортаның л...

«Достық еліне саяхат»

Оқушылардың қарым - қатынасын нығайту. Сынып ішінде ауызбіршілікті сақтауға шақыру. ...

"«Алпамыс батыр» жырының құрылысы және кейіпкерлері" атты 6"в" сыныбына өткен ашық сабақ

Сәлемдесу.Сынып оқушыларын топтастыру.Оқушылар үш түрлі жетондардың бірін алып,сол түс бойынша өз тобына отырады. . « Ой қозғау» стратегиясы Ердің бағын ашпаса, Ер мұратқа жетер ме?! Ерінің сағын сындырса, Ел мұратқа жетер ме?! - деп Әйтеке би айтқандай, елін, жерін жаудан...

Алдымен сүй,ардақта ата анаңды

5 г сыныбына өткен ашық тәрбие сабақ. Өткізген:  Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Абдырахманова Қаламқас Сабақтың тақырыбы:Алдымен сүй,ардақта  ата анаңды Мақсаты: Бала бойына  сүйіспеншілікті,жылылықты ұялату,ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қ...

Ашық сабақ тақырыбы: Мақал – мәтелдер

Сабақтың тақырыбы: Мақал – мәтелдер Сабақтың мақсаты: білімдік ; Оқушылардың мақал-мәтел туралы білім,білігін тереңдету,салыстыру,ажырата білу дағдылары мен оқу, талдау машықтарын қалыптастыру,мағынасын түсіне білуге үйрету, мақал –мәтел  тіліміздегі сөздің көркі екен...

Ашық сабақ тақырыбы: « Әлемнің жарығын сыйладың сен маған...»

5 б сыныбына өткен ашық тәрбие сабақ. Өткізген:  Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Абдырахманова Қаламқас « Әлемнің жарығын сыйладың сен маған...» Мақсаты: Ананың бойындағы ізгі қасиеттерді оқушыларға сездіру.Оқушылардың өз анасына, барлық аналарға деген құрмет с...

"Сүйіспеншілік" Ашық сабақ. Рахманова

...

Соңғы жаңалықтар

«Брейн – ринг»

...

28 желтоқсан 2016