«Дұрыс тамақтану – үздік білім алудың жолы!» ұлттық бағдарламасы негізінде іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді

Мектебімізде  2-11 сәуір аралығында оқушылардың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру жөнінде  «Дұрыс тамақтану – үздік білім алудың жолы!»  ұлттық бағдарламасы  ұйымдастырылып өткізілді.Тамақтануды ұйымдастыру жөніндегі бағдарламаның басты мақсаты балалардың денсаулығын сақтау, жұрттың назарын балалардың (оқушылардың, жасөспірімдердің) тамақтануының ғаламдық мәселелеріне аудару, балалардың ауруға шалдығуының факторы ретінде үйлесімді тамақтану мәселелері жөнінде республика халқының, медицина қызметкерлерінің ақпарат алу, профилактикалық тексеруден уақытында өту қажеттілігі деңгейін арттыру.  Жоспар бойынша 1 сынып оқушыларына «Мектептегі су ішу тәртібі» тақырыбында сынып сағаттын ұйымдастырып,  Балаларға судың қандай пайдас бар жөнінде ақпарат айтып өтті.  2 сыныптар арасында «Мектептегі үйлесімді тағамдағы ақуыздар, майлар, көмірсулардың маңызы» тақырыбында сынып сағаттын ұйымдастырып , тағамдардың бойындағы қасиеттерін айтып таныстырды. Мектеп  психологтары 3 сынып оқушыларына «Қандай азық –түлік пайдалы?» тақырыбында тренинг өткізіп, оқушыларға жақсы көңіл қүй сыйлады.  Мектеп медбикесі  Г. Аспентаева  «Дұрыс тамақтану дегеніміз не?» тақырыбында мұғалімдер мен оқушыларға сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу ұйымдастырды.  5-6 сынып оқушылары арасында  «ДСИ мен балалардағы семіздік» тақырыбында  флешмоб ұйымдастырылып,  салауатты өмір салтын  ұстанып семіздіктің алдын алуға керектігі айтылды.  Биология пәні мұғалімдері «Оқушылардың тамақтануында көкөністермен жемістердің маңызы» , «Оқушылардың су ішу тәртібін  ұйымдастыру» тақырыбында сабақтар өткізді.  Ас қорыту жүйесіне дұрыс тамақтану мен судың ағзаға көптеген пайдасын айтты.  «Дұрыс тамақтануды насихаттау және артық салмақтың алдын алу» тақырыбында «Теңге » емханасының  жалпы тәжірбиелі дәрігері Қ.Қ. Узакбаевамен кездесу өткізілді.  Кездесуге 8-9 сынып  оқушылары, әлеуметтік педагог Т.Дыбысбаева, мектеп  медбикесі  Г.Аспентаева , мектеп тәлімгері А.Қайырбаева қатысты. Мектеп тәрбие жөніндегі орынбасары А.Әбіш пен медбике Г. Аспентаева «Газдалған және қуатты сусындар», «Шылымқорлықтың алдын алу»,  «Ішімдік (сыраны) тұтыну» тақырыбында  10-11 сынып оқушыларына сауалнама жүргізді 





1-қазан Қарттар күніне арналған шаралар

icon1- қазан қарттар күніне орай мектебімізде «Қарияға бас иеміз!» тақырыбында  Сонымен қатар «Қарттарым асыл қазынам!», «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбында тәрбие сағаттары болып өтті. 27.09.2015 күні «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жоспары бой...

1-сынып оқушыларына арналған «Жол ережесін білейік» апталығы

iconРеспубликалық деңгейде өткізілген «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы барысында №17 орта мектепте оқушылардың мектепке келіп кетуі немесе мектептен шығып үйге жетуі барысында жеке өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында бастауыш сынып оқушылары арасында жол қауіпсізд...

«Біз-бақытты отбасы» атты спорттық сайыс

icon"Отбасы-бақыт  мекені"  апталығы  аясында 13.09.2019 жыл 9-11 сыныптардың сынып жетекшілері ұйымдастыруымен «Біз-бақытты отбасы» атты спорттық сайысы өтті.  ...

Мектеп оқушылары арасында «Отбасы-бақыт мекені» атты сурет байқауы өтті

icon12.09.2019 жыл. Мектеп оқушылары арасында «Отбасы-бақыт мекені» атты сурет байқауы өтті. Оған 4-5 сынып оқушылары қатысты. Атап айтқанда: 1. Хожаназар Назерке 5«Ғ» 2. Жалғасбаева Нұршат 5 «Ғ» 3. Құдайберген Айткүл 4 «Ә» 4. Қуатберген Оразбек 4 «Ә» 5. Жаңатуған Перизат 5 «Ә» 6. Қу...

«Отбасы-бақыт мекені» тақырыбы аясында өткізілген іс-шаралар

icon6.09-14.09.2019 жыл  «Отбасы-бақыт мекені»  тақырыбы аясында өткізілген іс-шаралар  9 қыркүйек күні 8-9 сынып оқушылары арасында «Отбасы –адамгершіліктің алтын қазынасы» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.  10.09.2019ж. күні  аз қамтылған  және ата-анасының қамқорлығынсыз қалға...

Білім күніне арналған сабақ «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ»

02.09.2019 күні 1-4сыныптарға «Отанға қызмет  ету», «Мен керемет топтың құрамасымын»;  5-8 сыныптарға «Өзіме қажет – елге қажет!», «Мұражайдағы білім күні»; «Лайықты болғым келеді» атты азаматтық конституциялық құқықтары мен білімдерін тереңдету; 9-11 сыныптарға «Археологиялық э...

1 қыркүйек – Білім күні!

iconМектебімізде  01.09.2019 күні «1 қыркүйек – Білім күніне», «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында  өткізілген салтанатты жиын болып өтті. Аталған шараға мектеп ұжымы, ата-аналар, оқушылар және қонақтар қатысты. Атап айтқанда, қалалық білім үйлестіру бөлімінің бас маманы ...

«Қазақстан – мейірімділік мекені» атты республикалық акция әліде жалғасын табуда

iconҚР Білім және ғылым министрлігінің 08.01.2019ж. №89 хатына сәйкес, 2019 жылғы қаңтар-мамыр аралығында  «Қазақстан – мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасын өткізудің іс-шара жоспарына сәйкес, 19.02.2019ж. Илясова А.  4 ә сынып оқушыларына  «Қарттарға қамқор болайы...

«Дұрыс тамақтану – үздік білім алудың жолы!» ұлттық бағдарламасы негізінде іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді

iconМектебімізде  2-11 сәуір аралығында оқушылардың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру жөнінде  «Дұрыс тамақтану – үздік білім алудың жолы!»  ұлттық бағдарламасы  ұйымдастырылып өткізілді.Тамақтануды ұйымдастыру жөніндегі бағдарламаның басты мақсаты балалардың денсаулығын са...

«Менің отбасым» фотосурет көрмесі

iconҚР Білім және ғылым министрлігінің 08.01.2019ж. №89 хатына сәйкес, 2019 жылғы қаңтар-мамыр аралығында  «Қазақстан – мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасын өткізудің іс-шара жоспары негізінде  2 сынып пен 4 сыныптар арасында «Менің отбасым» тақырыбында  фото...

Соңғы жаңалықтар

«Брейн – ринг»

...

28 желтоқсан 2016